Павлодарда бүйрегін 50 мың долларға сатпақ болған Ресей азаматшасына үкім шықты

Әйел бүйрегін Telegram арқылы саудалаған.

freepik.com

Астана, NEGE. Павлодар облыстық сотының хабарлауынша, 2024 жылы Ресей Федерациясының азаматшасы пайдакүнемдік ниетпен Telegram мессенджері арқылы бүйрегін 50 мың долларға сатуға келісім жасаған.

Келісім шарттарына сәйкес, трансплантациялау Павлодар қаласында жасалуға тиіс болған.

«2025 жылы Д. Қазақстан Республикасына келіп, медициналық тексеруден өтіп, алдын ала 5 млн теңге көлемінде ақшаны алған, кейін оны полиция қызметкерлері ұстады», – делінген сот хабарламасында.

Сот оның кінәсін мойындауын, өкінуін, асырауында жас балаларының болуын ескеріп, 10 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда күзетпен ұстауда болған уақытты ескере отырып, жаза өтелді деп танылып, әйел қамаудан босатылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?