Павлодарда бұрын жасалған оннан астам киберқылмыс ашылды

Ол «Аnti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде мүмкін болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

pavlodarnews.kz

Павлодар, NEGE. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған «Аnti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.

- Аталған іс - шара барысында құқықтық тәртіп сақшыларының күшімен интернет пайдаланушыларға қатысты алаяқтықпен айналысқан 6 адам анықталды. Бұдан бөлек, ақпараттық технологиялар саласында бұрын жасалған 13 қылмыс ашылды, - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Ұсталғандардың осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»