Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен

Павлодарда 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен. Оқиға туралы жедел жәрдем қызметіне сағат 13:00 шамасында хабар түскен.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту түскен сәттен кейін 6 минут ішінде дәрігерлер оқиға орнына жеткен.

«Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел 5-қабаттан екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен. Бірінші санаттағы шұғылдықпен үш жедел жәрдем бригадасы жолданды», - деп мәлім етті медицина қызметкерлері.

Екі бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйелдің өзі де ауыр жағдайда Павлодар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті