Павлодарда әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты

Желіде Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша әскери қызметші абайсызда автоматпен әріптесін тізе тұсынан жарақаттап, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Қорғаныс министрлігі

Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігі ақпаратты растады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапқан, әріптесі оқ жарақатын алған.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – делінген министрлік хабарламасында.

Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Тергеу барысын ІІМ Әскери тергеу департаменті өз бақылауына алды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты