Павлодарда ашық терезе жақтауында тұрған кішкентай бала құтқарылды

Павлодарда құтқарушылардың арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Төртінші қабаттағы ашық терезеден төменге қарап тұрған кішкентай қызды көрген сол маңдағы адамдар төтеншеліктерге бірден қоңырау шалған, деп хабарлады ТЖМ.

pravda.ru

Алматы, NEGE. Толстой көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабаттындағы ашық терезеде кішкентай бала тұрғанын сол маңдағы адамдар көрген. Ол кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін еді.

"Оқиға орнына жедел түрде құтқару бөлімшелері жіберілді. Құтқарушылардың бірі қызбен есіктің сыртынан сөйлесе бастады, ал басқалары альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен төбеге шығып, терезеден пәтерге кірді", - дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Төрт жасар бала пәтерде жалғыз болған.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды. ТЖМ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәбилерді қараусыз қалдырмау қажеттігін тағы бәр мәрте ескертеді.

Қазір оқып жатыр

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Әлемде әрбір алтыншы бала мектепке бара алмайды – ЮНЕСКО