2 августа 2025 г. 0:59

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген екі баланың бірі көз жұмды

Фото: ғаламтордан

Бұл туралы облыстың бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Павлодарда анасы бесінші қабаттан лақтырып жіберген екі баланың бірі қайтыс болды.

«Өкінішке қарай, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, кіші ұл баланың жүрегі тоқтап қалды», – деді ол.

Ақпаратты баланың өмірі үшін екі күн бойы күрескен Павлодар облыстық балалар ауруханасы да растады.

«Сағат 20:10–да баланың жүрегі тоқтады. 20:40–та бала өлімі тіркелді. Дәрігерлер екі тәулік бойы баланың өмірі үшін күресті, бірақ өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады», – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 30 шілдеде әйел адам екі баласын терезеден лақтырып, содан кейін өзі 5-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын.