Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала ауруханадан шықты

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген 7 жастағы бала ауруханадан шығарылды.

Pixabay

Алматы, NEGE. Оның жағдайы қанағаттанарлық, алда бір жыл оңалтудан өту күтіп тұр. Бұл туралы РУПР өкілі Сауле Шакенова хабарлады. Қазір бала әкесінің жанында. Ал баланың анасы әлі де ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оған бірнеше операция жасалған.

Ал анасы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, бірақ есін жиған.

Естеріңізде болса, 30 шілдеде Павлодарда 34 жастағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен еді. Олар подъездің қалқалағышына құлаған. Екі баланың бірі мерт болды.

Қазір оқып жатыр

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті