Павлодарда 6-сынып оқушысы құрдастарына пышақ сұғып алды

Оқиға 11 қыркүйекте Павлодарда Қамзин көшесіндегі Эрзи дүкенінің жанында болған. Балалар болған жайды ешкімге айтпай, үйіне қайтқан. Кейін екеуі ауруханаға түсті.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олар №21 мектепте оқиды екен.

«Бір баланың сол жақ жамбасы кесілген, екіншісінің сол жақ жамбасында көгерген жарақат бар. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оқушылар амбулаторлық емделуге жіберілді. Қазір олар сабаққа барып жүр», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция алғашында шабуыл жасаған адамның жасына байланысты қылмыстық іс қозғамады. Себебі ол әлі 14-ке толмаған.

«Оқиға болған кезде кінәлі қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмаған. Осыған байланысты кәмелетке толмаған баланың ата-анасы баланы тәрбиелеу, құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция.

Енді бала үйден оқиды. Бірақ осыдан соң қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды