Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар қаласындағы Астана – Лермонтов көшелерінің қиылысында “Кибершериф” мобильді кешені жеке сот орындаушысымен бірлесіп Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқтатты.

– Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті мамандандырылған айып алаңына орналастырды, ол айыппұл толық төленгенше сол жерде сақталады, — деді Айдар Сламбеков.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде биыл 20-30 маусым аралығында кез келген ұсақ құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” қағидаты негізінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды