Павлодарда 21 жастағы қызды төрт күннен бері іздеп жатыр

8 қаңтарда жоғалған 21 жастағы Мәдина Қазбекпайдың анасы полицияға жүгінген. Бойжеткен үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қыздың белгілері: арық денелі, бойы 150 см, көздері қоңыр, шашы қара, мұрнының үстінде мең бар.

"Қазіргі уақытта аулаларды аралап, куәгерлер, туыстары, достары мен көршілерінен сұрастырып жатыр. Облыс полициясының барлық жеке құрамы іздестіруге жұмылдырылды", - деп хабарлады департамент.

Полицейлер Мәдина Қазбекпайдың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді 8 (7182) 37-76-10, 37-76-12 немесе 102 нөмірлеріне хабар беруді сұрады.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы