Павлодарда тәрбиеші 16 баланы ұрып-соққаны үшін 4,5 жылға сотталды

Павлодарда 2–2,5 жастағы 16 баланы ұрып-соқты деп айыпталған балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шықты.

magnific.com

Астана, NEGE. Бас прокуратураның мәліметінше, сотталушының балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетіп келгені анықталған. Тәрбиеші оларды ұрып-соғып, шаштарынан тартып, лақтырып, дене жарақатын салып, психикалық зардап келтірген.

«Тәрбиешінің кінәсі мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурордың белсенді ұстанымының арқасында дәлелденді, ол бұлтартпас дәлелдер ұсынып, ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, неғұрлым ауыр айып тақты», – делінген хабарламада.

17 сәуірде сот оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылды. Сондай-ақ оған 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ата-аналар елімізде эпилепсияға қарсы дәрі тапшы деп шағымдануда

Тоқаев Алатау қаласы туралы Конституциялық заңға қол қойды

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккен бір адам санавиациямен Астанаға жеткізілмек

Үкімет ERG-дегі үлесін арттыруды жоспарлап отырған жоқ