Павлодарда 10 жастағы қызға азғындық әрекет жасаған жаттықтырушы ұсталды

Әлеуметтік желіде футбол бапкерінің кәмелетке толмаған қызға азғындық әрекет жасағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша қамау орталығына орналастырған.

Облыс орталығында 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған азамат ұсталды. Ол Павлодар қаласында футбол бапкері болып қызмет еткен.

Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны кейбір әуретті жерлерін ұстауға мәжбүрлеген. Ол жасөспірімді қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады.

«Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді департаменттен.

Қазір оқып жатыр

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды