Павлодар облысында емханалардың жұмысы қалай өзгертілді?
Павлодар облысында тұрғындардың шағымынан кейін алғашқы медициналық-санитарлық қызметті жаңғырту бағдарламасы әзірленді. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, оған апта сайын емханалардың пациенттерінен «хабарласу мүмкін емес», «ұзақ күтуге тура келеді», «дөрекі жауап берілді» деген тектес өтініштер түскен.