USD
USD
USD

Қостанайда студенттер мен мамандарға арналған заманауи тұрғын үй және білім кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

Қостанайда жаңа Allur Campus құрылысы аяқталуға жақын. Ауқымды инфрақұрылымдық жобаны Allur компаниялар тобы жүзеге асыруда.

Аллюр
Фото: Фото: Аллюр

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылы жарияланған жас мамандардың өмір сүруіне, кәсіби өсуіне және қоғамға интеграциялануына қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы аясында іске асуда.

Компания бұл нысанның құрылысын 2023 жылы бастаған болатын. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Жоспар бойынша нысан 2025 жылдың тамыз айына пайдалануға беріледі. Жалпы ауданы 13,5 мың шаршы метрден асатын тоғыз қабатты кірпіш ғимарат 250-ден 300-ге дейін адамға арналған. Кампуста 71 отбасылық бөлме, 60 студенттік бөлме және компанияның қала сыртындағы және шетелдік серіктестерін уақытша орналастыруға арналған 20 бөлме бар. Тұрғын үй-жайлар жеке тұрғын аумақтармен, асүйлермен және жуынатын бөлмелерімен жабдықталған, яғни өмір сүруге және күнделікті тұрмысқа қолайлы жағдай жасалған.

Жатақхана жайлы өмір сүру және даму үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген: компьютер бөлмесі, кітапхана, спорт залы, медициналық пункт және кір жуатын орын бар. Іргелес аумақта спорт нысандарын құру жоспарлануда: футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары, воркаут алаңдары және үстел теннисі корттары салынады.

Аллюр
Фото: Аллюр

Жоба толығымен Allur компаниялар тобының жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады. Қазіргі кезеңде инвестиция көлемі 2,1 млрд теңгеден асты. Кампусты іске асыру компанияның адам ресурстарын дамыту және аймақтың өндірістік экожүйесін нығайту стратегиясының бір бөлігі саналады.

Келесі кезең аумақты одан әрі дамытуды қамтиды: екінші тұрғын үй ғимаратының, 260 орындық балабақшаның, сонымен қатар кампустың функционалдығын кеңейтетін қосымша спорттық және қоғамдық нысандардың құрылысы жоспарда.

Allur Campus мамандарды оқытуға және олардың тұруына жағдай жасайтын аймақ инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы