Павлодар тұрғыны өз пәтерінде онлайн-казино ұйымдастырған

Заңсыз бизнеспен айналысқан жігіт әлеуетті клиенттердің тобын құрып, онлайн покер ойнауды ұсынып отырған. Ұтысты өзінің жеке картасына қабылдаған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті өз үйінде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған азаматтың ісін сот қарауына жөнелтті. Департамент басшысының орынбасары Ринат Арғынбековтің айтуынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қозғалған.

«Ер адамның үйін тінту барысында 37 монитор мен 14 жүйелі блок, 45 ұялы телефон, 7 ноутбук, ақшалай 700 мың теңге және 5 мың ресей рублі, 2 флеш-жинақтауыш, 6 дискі, покер ойынына арналған жинақ табылды. Заңсыз онлайн-казиноны департамент мамандары интернет-платформаға мониторинг жүргізу кезінде анықтады. Ол адамдарды жұмысқа қабылдап, тәулік бойы жұмыс істеген. Әрбір сегіз сағат сайын ауысып отырған. Әлеуетті клиенттеріне онлайн покер ойнауды ұсынып, ұтыс ақшасын картасына қабылдап келген», — дейді Ринат Арғынбеков.

Ер адамның заңсыз жолмен тапқан ақшасы тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?