10 января 2025 г. 4:45

Павлодар облысының Майқайың кентінде жер дүмпуі сезілді

Фото: Валерий Бугаев

Сейсмология орталығының тексерісі нәтижесінде бұл құбылыстың Майқайың кентінен 15 шақырым қашықта болғаны анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қаңтар күні сағат 09:55-те Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғындары жердің дірілін сезінгені туралы ақпарат түскен.

– Мән-жайларды анықтау барысында Қазақстандық Ұлттық сейсмология орталығының берген координаттары тексерілді. Геолокация Майқайың кентінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан дала аймағына сәйкес келді. Тексеру нәтижесінде ешқандай залал анықталмады, – деп хабарлады департаменттен.

Сонымен қатар, «Майқайыналтын» ЖШС-нің жарылыс жұмыстары 8 қаңтарда жүргізілгені белгілі болды. Қауіпті аймақтың радиусы бұл құбылыстың мұндай салдарға әкелуі мүмкін емес екені айтылды.