Павлодар облысындағы жол апаты: үш жастағы баланың жағдайы ауыр

Оқиға орнында төрт адам – екі жүргізуші, бір әйел және алты айлық сәби көз жұмды.

ғламтордан

Алматы, NEGE. Павлодар облысының Баянауыл ауданында болған қайғылы жол-көлік оқиғасынан кейін үш жасар бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында төрт адам – екі жүргізуші, бір әйел және алты айлық сәби көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты туралы 103 нөміріне 19 сәуір күні сағат 21:13-те хабарланған. Апат село Бірлік маңындағы Баянауыл трассасында екі жеңіл көліктің соқтығысуынан орын алған. Оқиға орнына Майқайың ауылынан жедел жәрдем тобы жіберілген.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенде, төрт адамның – 1998 және 1999 жылы туған екі ер адам, 23 жастағы әйел және алты айлық нәрестенің көз жұмғанын анықтады. Тағы бір бала – 2022 жылы туған ұл — түрлі жарақатпен, атап айтқанда, жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы және көптеген дене жарақаттарымен алдымен Майқайың ауылдық емханасына, кейін Экибастұз қалалық ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда баланың жағдайы ауыр, дәрігерлер оның өмірі үшін бар күшін салып жатыр.

Еске салайық, апатқа себепкер болған көліктердің біреуі қарсы бағытқа шығып кеткені алдын ала болжануда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған