Павлодар облысында шұңқырға құлап кеткен автобустың қай жерде екені анықталды

Павлодар облысында "Майкайнзолото" АҚ шахтасының аумағында адамдармен бірге жер астына құлап кеткен автобусты іздеу жұмыстары жалғасуда. Мамандар геосканер арқылы көліктің құлаған аймағын шамамен болжады, деп жазды Stan.kz.

pavon.kz-тен

Алматы, NEGE. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, опырылған жердің тереңдігі 150 метр.

"7 қаңтарда геосканер көмегімен опырылған жерді сканерлеу нәтижелері бойынша бес метр тереңдіктегі жер астында автобустың болуы мүмкін екені анықталды", - деді ведомство.

Дерекерге сай, іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Алайда топырақтың үнемі шөгуі қиындық туғызуда.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?