Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті

Павлодар облысындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті.

Қазақстан Су-Жолдары

Алматы, NEGE. «8 мамыр күні сағат 23.25-те Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына 102 операторынан Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар түсті. Оқиға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңында болған. 9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр. Ертең таң атысымен сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады»,– делінген Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі