Павлодар облысында 16 жастағы бала тізгіндеген ат бағанаға соғылды

Қызылжар ауылында "Құнан бәйге" ұлттық ойыны кезінде 16 жастағы шабандоз жарақат алып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Irbis TV.

Kursiv.media

Алматы, NEGE. Арна мәліметінше, жарыс кезінде жылқы үркіп, жарық бағанасына соғылған. Шабандоз бала құлап, жарақат алды.

Жасөспірім шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен балаға бас-ми жарақаты деген диагноз қойған. Науқасқа ота жасалып, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді