Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды
Павлодар облысында 20 жастағы жігіттің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін жазасын өтеп жүрген.
Астана, NEGE. ІІМ Қылмыстық атқару-жүйесі комитеті мәліметінше, сотталған жігіт колонияда жазасын өтеп жүрген кезінде өз-өзіне қол жұмсаған.
«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр, істің барысы бақылауда», – деп хабарлады ведомство.
Telegram-дағы Halyqstan арнасының жазуынша, 2025 жылы 19 жаста болған жігіт 15 жастағы мектеп оқушысымен Instagram арқылы танысып, кейін қыздың үйінде кездескен. Екеуінің арасында жыныстық қатынас болған. Бұл туралы білген қыздың анасы полицияға арызданған.
2026 жылдың сәуірінде сот жігітті 12 жылға бас бостандығынан айырған.