Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды

Павлодар алюминий зауыты баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс жағдай 16 мамыр күні болған.

instagram.com/aluminium_of_kazakhstan

Астана, NEGE. №3 пештің кептіру аймағын тазалау жұмыстары кезінде жиналған материал қабатының бір бөлігі опырылып түскен. Оқиға кезінде аталған аумақта күйежентектеу цехының екі қызметкері болған.

«Оқиға салдарынан диірмен машинисі оң жақ аяғынан жарақат алып, сүйегі сынған. Екінші қызметкер – агломераттаушыға – медициналық тексеру қорытындысы бойынша оң жақ аяғы жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозы қойылды. Оның сүйегі сынбаған, еңбекке жарамды», – деп хабарлады зауыт өкілдері.

Зардап шеккен қызметкерлерге жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, облыстық ауруханаға жеткізілген. Сүйегі сынған диірмен машинисі ауруханаға жатқызылды.

Оқыс оқиғадан кейін Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган өкілдері зауыттың өндірістік алаңында тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша қауіпті өндірістік нысанда апат белгілері анықталмады.

Қазір оқып жатыр

Нәлібаев Алматы әуежайындағы құрылысты 1 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды

Қазақстан көмір саласына инвестиция көлемін екі есе арттырмақ

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райы бұзылады: ТЖМ ескерту жасады

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды