Пәтер тонаушылар қолға түсті

«Қостанай қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше пәтерді тонаған қылмыстық топты қолға түсірді», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 2020 жылдың 3 ақпанында «Солтүстік» полиция бөлімшесіне қала тұрғынынан пәтерінен 30 мың теңгенің ұрланғаны жөнінде шағым түскен. Осы күні 4 ықшамауданның тағы бір тұрғыны үйінен ноутбуктың қолды болғанын хабарлайды. Сондай-ақ, 4 ақпан күні қаланың солтүстік бөлігіндегі пәтерлерден алтын бұйымдар мен 300 мың теңге ақша ұрланғаны да белгілі болған.

Іздеу шаралары барысында қылмыстық топтың пәтерлерге есік құлпын бұзу арқылы кіретіндігі анықталған.

Қылмыскерлер өздері ұрланған заттар мен қаражатты «Мерседес» көлігіне сақтап келген. Ұрылардың көлігі анықталып, олардан есік бұзатын құралдар мен ұрланған алтын бұйымдар табылды. Қазір бұл қылмыстық іске байланысты 26-35 жас аралығындағы 5 күдіктінің үстінен тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Шахтинскіде газ жарылысы: күдікті ұсталып, іс қозғалды

Атырауда Наурыз мерекесі кезінде 78 бала жоғалып кетті

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген