Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Ақорда

Астана, NEGE. Президент Конституцияны қабылдауға арналған жиында Қазақстан жан-жақты жаңғырту жолының басында тұрғанын атап өтті.

«Дүние дүрбелеңге толып, айналамызда тұрақсыздық белең алған жағдайда бұл жолды еңсерудің оңай болмайтыны, түрлі кедергімен бетпе-бет келетініміз анық. Алайда жолдың қиындығына қарамай, алға қадам басуымыз керек.

Ол үшін ұлтымыз ауызбіршілік танытып, жауапты әрі жасампаз патриотизмнің, терең білім мен кәсібиліктің үлгісін көрсетуі қажет. Біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Жеңімпаз болуға міндеттіміз!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, көп ұзамай Парламент қарауына Президент, Құрылтай, Халық Кеңесі, Астананың мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңа бес конституциялық заң жобасы енгізіледі.

«Сонымен қатар сегіз конституциялық заңға және 60-тан астам заңға, соның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізу қажет», – деп атап өтті ол.

Заң шығару үдерісі алдағы парламент сайлауымен қатар жүреді. Сайлауды жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отыр.

Бұл ретте Президент тиісті заңнамалық база әзірлеуді сол уақытқа дейін толықтай аяқтауды тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанды құқықтық және саяси тұрғыдан түбегейлі жаңғырту жыл соңына дейін, тіпті, келесі жылы да жалғасуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті