Пара алды деген күдікпен ұсталған вице-министр қызметінен босатылды

Сәтжан Аблалиев Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі лауазымынан босатылды. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын. 

ҰҚК тінту жүргізу сәтінен видеожазба жариялады. Кадрларда вице-министрдің ірі көлемдегі ақшаны үйіндегі вазаның ішінде тығып сақтағаны анық көрінеді.

Шенеунік пара алды деген күдікке ілінген. Сот оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.