Өзбекстанда есек етін сатқандар ұсталды

Ташкент облысының Аққорған ауданында есек сойып, етін сатқандар ұсталды, деп хабарлайды 24kz.

Pixabay

Алматы, NEGE. Өзенге тасталған көп сүйек полицияның күдігіне ілінеді. Тергеу барысында арнайы цехтың жұмыс істегені анықталды. Ешқандай санитарлық талаптар сақталмаған.

Қасапшылардың фермада тағы 25 тірі есекті союға ұстап отырғаны белгілі болды. Күдікті ретінде ауданның 59 жастағы тұрғыны мен оның екі ұлы қамауға алынды.

Қазір полиция сойылған есектердің еті қайда сатылғанын анықтауға кірісті. Ең сорақысы, есек еті облыс орталығы Ташкенттегі кафелер мен ет өнімдерін сататын дүкендерге өтіп кетуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды