Өскеменде көліктің рөліне мас күйде отырған ер адамды әйелі полицейлерге ұстап берді

Өскемен қаласының тұрғыны күйеуінің мас күйінде рөлге отырғанын полицияға хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, бейнебақылау жүйесі арқылы көліктің орналасқан жерін анықтап, ер адамды ұстады.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, 33 жастағы жүргізуші тек мас болып қана қоймай, сот шешімімен 2030 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Медициналық тексеріс оның мас күйде болғанын растады. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды