Оралда ботаника бағы мен спорт кешені салынады

Оралда ботаникалық бақ пен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жергілікті билік бұл əлеуметтік жобаларды инвесторлар қаржысы есебінен жүзеге асырмақ. Қос жобаның құны 2 миллиард теңгеге жуықтайды. Нəтижесінде,  мүмкіндігі шектеулі жандар заманауи спорт кешенінде жаттықса, жалпы аумағы 13 гектар болатын  ботаника бағы да қала тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналмақ.

Тимур Турлов,  инвестор:

- Бұл жобаларды жүзеге асыру сайып келгенде мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға бизнестің қосқан зор үлесі болмақ. Осы бірлескен қадам арқылы біз адамдарға үміт сыйлаймыз. Олар қаланың дамып келе жатқанына көз жеткізіп, бұл іске  бизнестің де бей-жай қарамайтынын түсінеді.

Ғали Есқалиев,  БҚО əкімі:

- Мүгедектігі бар жандарымыз бұдан жарты жыл бұрын өздерімізге бөлек спорт кешені керек екенін айтқан болатын, сұраған болатын. Біз осы мəселені шешу үшін облыстың орталығында жер бөліп  жатырмыз. Типтік жоба бар, оны мына мүгедектігі бар кісілерге бейімдеп жақын арада құрылысқа кірісеміз.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды