Оралда терминалдан ақша ұрлаған күдіктілер анықталды

28 наурыз күні кешкі уақытта қаладағы сауда үйлерінің бірінде белгісіз адамдар банк терминалының ұяшығынан 680 мың теңге ұрлап кеткен.

Полиция

Алматы, NEGE. Бұл қаражат 53 жастағы қала тұрғынына тиесілі болған. Ол ақшаны банкнот қабылдағышына салып, операция аяқталды деп ойлап, алыстап кеткен. Дәл осы сәтте техникалық ақау болып, күдіктілер жағдайды пайдаланып кеткен.

Полицейлер үш күдіктіні ұстады. Олар ұрланған ақшаны өзара бөлісіп алған. Ұсталғандардың бірі бұрын сотталғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды