Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласының полициясы Қазақстан азаматын ұстады. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.

pixabay.com

Астана, NEGE. Министрліктің хабарлауынша, жерлесімізге бөтеннің мүлкін бүлдіру, көші-қон режимін сақтамау және автокөлікті пайдалану қағидаларын бұзу бойынша айып тағылған.

«Қазақстандық дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстай отырып, аталған азаматқа консулдық-құқықтық көмек көрсетуде», – деп мәлімдеді ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Пхёнтхэк қаласында Орталық Азия елдерінен барған азаматтар арасында жаппай төбелес болғанын жазған едік. Кореялық полицейлер жанжал Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары арасында шыққан болуы мүмкін деген болжам жасаған. Алайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, ұсталғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.