Олжа аяқ астында!

Мэриленд штаты Толбот округының тұрғыны, 51 жастағы Дейрдре Стоукс деген әйел күйеуіне жаңажылдық сыйлық ретінде лотерея ойынының билетін сыйлаған екен. Жұбайының бұл сыйына отағасы аса риза болмаған көрінеді.

Алматы, NEGE. Дейрдре Стоукс биылғы Жаңа жылға барлық туыстары мен туғандарына сыйлық ретінде лотерея билеттерін тарту етуді жөн көріп, бірнеше билет сатып алған көрінеді. Отбасылық кешкі аста күйеуі лотерея билетінің арнайы коды бар түбіртегін сүртіпті де «Біз 50 мың доллар ұттық!» деген екен. Әйелі оның сөзін қалжыңға балапты.

«Біз биылғы жылда көп шығынға тап болдық. Келер жылы отбасылық табысымыз біздің шығындарымызды жаба алмайды деп уайымдаған едік, күдігіміз басқаша боп шықты», – дейді Дейрдре.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ