"Олимп" 145 миллиард айыппұл төлейді

"Олимп" букмекерлік кеңсесінен салық тексерісінің нәтижесінде 145 миллиард теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.

Алматы, NEGE. Алматы қаласы прокуратурасының талабы бойынша "Олимп" сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын "Олимп.kz" букмекерлік кеңсесі" ЖШС және "Alpha-bet" ЖШС қызметінде тақырыптық салықтық тексеру тағайындалды. Тексеріс Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен бес ай бойы жүргізілді, соңғы бес жылда ойын бизнесі салығын дұрыс есептеу мәселесі қамтылды.

"Букмекерлік кеңсесі" ЖШС өсімпұл мен айыппұлдарды есепке ала отырып, салықтық тексеру нәтижелері бойынша "Олимп.kz" ЖШС – 62 миллиард теңге, ал "Alpha-bet" ЖШС – 83 миллиард теңге есептелді.

Қазір оқып жатыр

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды