Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қайтыс болды

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өмірден озды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

— Бүгін әріптесіміз, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның өмірден озғаны туралы қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отыр. Ол өзінің еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментін басқара отырып, мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуға елеулі үлес қосты. Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды. Білім беру саласының осындай білікті мамандарының ортамыздан кетуі — орны толмас өкініш. Наталья Васильевнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын! , — деп жазды ол.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті