29 сентября 2020 г. 18:31

Өктем Алтаев: Сахнаны безендіруге 400 мың АҚШ доллары кетеді

Фото:

– Өктем аға, қош келдіңіз! Өзіңіз де естіген боларсыз, ҚР мәдениет және спорт министрлігі заң жобасын әзірлеп жатыр. Онда фонограммаға тыйым салу тағы басқа жайттар қарастырылуда. Осыған қатысты не айтасыз?

– Қазақстанға 2000 жылдары компьютер келді де даусы жоқ адамдардың өзін әншіге айналдырды. «Әу» демейтін қазақ жоқ, даусыңызды жазып қалдырып кетсеңіз арнайы мамандар әрлеп, нотасын келтіріп әншінің «өнерін» мінсіз етеді. Оны тыңдаған адам «Мен керемет әнші екенмін ғой» деп қайта-қайта ән жаздыра береді. Ақшасы болса болғаны. Екінші бір адам «пәленше де ән айтып жүр» деп ол жаздырады. Осылай өнерге жолдан қосылғандар қатары көбейіп кетті. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей осыдан кейін кей әншілер өнерпаздардың атына кір келтіріп жүргені рас. Осы күні халық та «өнер адамдары, музыка» десе әншілерді ғана көз алдына елестететін болды. Өйткені әншілер теледидардан, радиодан үздіксіз насихатталуда. Мен осыны айтамын деп көп адамға жақпай қаламын. «Фонограммамен ән айтуға тыйым салынады» дегенде қуандым. Енді жас өнерпаздар пайда табу емес, кәсіп деп өнерге келетін шығар. 

– Қазақ эстрадасында фонограмамен ән айтатындар қатары көп пе, әлде, жанды дауыста ән салатын өнерпаздардың үлес салмағы басым ба?

– Қазақста «тегін адам таз болмайды» деген тәмсіл бар ғой. Өнерде жүргендердің бәрі де ән айтады. Бірақ әбден фонограммаға сеніп алған. Кейінгі буын мені «аға» деп кенцерттеріне жиі шақырады. Қалдырмай баруға тырысамын. Бір күні ағамды ертіп танымал әншінің кешіне бардық. 20 минут уақыт өткесін құлағым ауырып, мазам кете бастады. Ағама қарасам ол да қозғалайын деп отыр екен. Концертте жады дауыста ән айтылмады. Шоу бағдарламасы керемет, ән музыкасы заманауи техникалармен керемет әрленген, дауыста да мін жоқ. Дауысты әрлеген кезде 100 пайыз нотаға түсіріп, мінсіз етіп фонограмма жазады. Адамның дауысы компьютердегі секілді тап-таза нотаға ешуақытта түспейді. Мінсіз болғасын құлақ та тыңдаудан жалығады. Ал жанды дауыста ән айтылса адам ағзасындағы талшықтар жұмыс істеп оны басқаша қабылдайды. Сондықтан фонограммадан ертерек құтылғанымыз жөн. Осы әлем бойынша фонограмамен ауырып жүрген тек біз шығармыз. Ескерілмей жүрген бір жайт бар. Фонограмма – әншіні жалқау етеді. Оған үйреніп қалған дауыс уақыт өте келе шықпай, отырып қалуы әбден мүмкін.

– Қанша концерт өткізгеніңізді білмедім, бірақ, сол кештердің бәрінде жанды дауыста ән айтасыз ба? 

– Мен 100 пайыз жанды дауыста ән айтамын. Мына бір мәселені айта кеткен жөн. Егер қыруар қаржы сарп етіп үлкен сахнада кеш өткізіп жатсаң, келісімшартта «әнді тек фонограмамен айту керек» деген талап қойылады. Өйткені телеарна түсірілімі үшін қажет. Ал , басқа кездің бәрінде жанды дауыста орындаймын.

– Сахнадағы дыбыстың естілуі, лайықты техникамен жабдықталмау әншіге әсер ете ме? 

– Оның бәрі сылтау. Біздер тіпті, ауылдық жерлерде концерт береміз. Сол жерде тұрған аппаратураны лайықты күйге келтіріп, дыбыстың естілуіне қарай дауыс ұлғайтқыштардың ара қашықтығын реттеп ән айта беруге болады. Бұл жердегі мәселе қазір жер-жерде мықты дыбыс-режиссер мамандар тапшы. Сондықтан әнші өзі сол мамандықты игеріп, алып жүрмесе қиын, Мен енді бала кезден сол ортада жүргесін барлығын білемін. Сан түрлі аспапта ойнап, өз әндерімді шырқай беремін. 

– Осы күні танымал әншілерді бір-бірімен салыстыру белең алды. Мәселен Димаш пен Қайрат Нұртасты делік. Бұл қаншалықты дұрыс?

– Дұрыс емес. Димаш....

Сұхбаттың толық нұсқасын youtube.com желісіндегі Nege Media арнасынан тамашалаңыз. 

Тегтер: