«Оқ атуға Шымкент әкімі тапсырыс берді деп айтуға мәжбүрледі» – Күдікті сотта өз шындығын айтты

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі басталды. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Сот отырысында айыпталушы Ернар Жиенбай жәбірленуші Руслан Берденовтің қазіргі қала әкімі Ғабит Сыздықбековке жала жауып, оны тапсырыс беруші ретінде көрсетуін талап еткенін мәлімдеді.

«Ол менен өзіне қастандық жасау туралы тапсырманы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аппарат басшысы арқылы берген деп айтуымды өтінді. Егер мен сотта мені киллер ретінде Сыздықбеков жалдады десем, ол мені кешіретінін айтты. Ол мені тіпті о дүниеден де алып шығамын деп уәде берді», – деді Е.Жиембай сотта.

Сотталушы Ернар Жиенбай қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бұл іске еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған