Нью-Йорк көшелерінде Қазақстанның көк туы желбіреді
АҚШ-тағы қазақ қауымдастығы 2026 жылғы Нью-Йорк марафонының ашылу салтанаты аясында өткен Ұлттар шеруіне (Parade of Nations) қатысып, еліміздің көк туын мақтанышпен алып өтті.
Астана, NEGE. Ұлттар шеруі – әлемнің түкпір-түкпірінен келген жүгірушілердің басын қосып, халықтар арасындағы достықты, мәдени әртүрлілікті және спорт арқылы бірлікті дәріптейтін ерекше дәстүр.
«Нью-Йорк көшелерінде еліміздің көк туын желбірету біз үшін ұмытылмас сәт әрі қазақ қауымдастығы үшін үлкен мақтаныш болды. Осы мерекенің бір бөлшегі болу біз үшін ерекше қуаныш!» – дейді шеруге қатысқан қазақстандықтар.
Айта кетейік, биыл Нью-Йорк марафонының қаланың бес ауданын қамтитын тарихи бағытына 50 жыл толып отыр. Қазақстандықтар осы айтулы іс-шарада еліміздің атынан бақ сынады.