Нұрбанк мемлекетке 4,5 млрд теңге қарызды мерзімінен бұрын қайтарады

Нұрбанк 4,5 млрд теңге мөлшеріндегі мемлекеттік қолдауды мерзімінен бұрын қайтаратынын мәлімдеді.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы

Астана, NEGE. Нұрбанк номиналы 1000 теңгеден болатын 4,5 млн облигацияны қайтарып алуды жоспарлап отыр. Облигацияларды сатып алу 27 қарашада басталады.

Операциядан кейін банктің балансындағы мемлекеттік қолдау көлемі 46,8 млрд теңгеден 42,3 млрд теңгеге дейін қысқарады.

Еске салайық, бұған дейін Bank RBK акционерлері мемлекеттен алынған 176,8 млрд теңге көлеміндегі қаржылай көмекті толықтай мерзімінен бұрын қайтару туралы шешім қабылдаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады