8 июня 2025 г. 11:48

Нидерландтағы турнир: Махмұд Сабырхан қарсыласына жол берді

Фото: Olympic.kz

Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде 7 маусым күні бірқатар қазақстандық былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шықты.

АЛМАТЫ, NEGE. Жалпы, бұл күні ел құрамасынан алты боксшы сынға түсті.

50 келі салмақ дәрежесі:
Даниял Сәбит украиналық Максим Рудикпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

55 келі:
Махмұд Сабырхан украиналық Максим Зименкомен қолғап түйістірді. Өкінішке қарай, бұл жекпе-жекте төрешілердің шешімі қарсыластың пайдасына шықты.

65 келі:
Ертуған Зейнуллинов даниялық Абдулла Абу-Арабпен кездесіп, қарсыласы бірінші раундта жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Осылайша, Ертуған келесі кезеңге өтті.

70 келі:
Абылайхан Жүсіпов германиялық Симон Ритпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

75 келі:
Сабыржан Аққалықов Нидерланд өкілі Сайрус Клариндадан басым түсіп, жарысты жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалды.

80 келі:
Ерасыл Жакпеков бельгиялық Энди Симбамен кездесуде үстем болды. Үшінші раундта қарсыласы жарақатына байланысты айқасты жалғастыра алмады.

Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасының боксшылары бұл күні 6 жекпе-жектің бесеуінде жеңіске жетіп, турнирдегі нәтижелерін сәтті жалғастырып отыр.