Назым Қызайбай Олимпиаданың келесі кезеңіне өтті

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сали Сабиров

Алматы, NEGE. 50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай бірінші жекпе-жекте италиялық Джордана Соррентиномен жұдырықтасқан болатын.

Алғашқы раундта қарсыласқа есе жіберген ол кейін басымдықты арттырып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, бұл Назымның мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындары.