Назым Қызайбай: Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келген

Париж Олимпиадасының жартылай финалында қытайлық У Юге есе жіберген Назым Қызайбай пікірін білдірді, деп жазады Olympic.kz

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да соны бір бірімізге тіледік.

Қазір өзіме аса көңілім толып тұрған жоқ. Өйткені алтын алғым келді және жеңуге болатын қарсылас еді. Алайда қытай қызы жекпе жек барысында алдап кетті. Оған қоса менде «қолаға жеттің, енді алтын алу керек» деген жүктеме тұрғандай болды. Сол кедергі келтіргендей.

Жеңсем де, жеңілсем де қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рахмет айтамын!

Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын», – деді Назым Қызайбай.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?