Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

ҰОК

Алматы, NEGE. Чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегінде Назым Словакиялық Николь Дуриковамен кездесті.

Қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, еш қиындықсыз жарыстың ширек финалына өтті. Үшінші раундта төреші кездесуді тоқтатты.

Айта кетейік, 12 наурызда 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Надежда Рябец те ширек финалға жолдама алды. Оның қарсыласы жарысты жалғастырудан бас тартты.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?