Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының финалына шықты

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Назым Қызайбай 5:0 есебімен басым түсті. Екінші кезең 2:3 есебімен өзбекстандық боксшының пайдасына аяқталды. Дегенмен үшінші үшминуттықта қазақстандық жеңісті суырып алды.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем біріншілігінің финалына өтті.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?