Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Астанада Назарбаев университетініне тиесілі пәтерден қару табылғаннан кейін сотқа дейінгі тергеу басталды.

pixabay.com

Астана, NEGE. Бұған дейін депутат Мұрат Әбенов «Хайвил» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен екі шетел азаматы қару-жарақпен ұсталғанын хабарлаған еді. Астаналық полицейлер пәтерге антиквар қару-жарақ кіргізілгенін айтып, депутаттың тұрғын үй кешенінде «қарулы шетелдіктердің» ұсталғаны туралы ақпаратын теріске шығарған болатын.

Әбеновтің желідегі жазбасы БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Алайда полиция да, Назарбаев университеті де Әбеновті жауапкершілікке тартуға негіз жоқ екенін алға тартты.

Кейін полиция қызметі табылған заттарға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Іс 21 сәуірде Сарайшық аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі (атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелген.

Бұл баптың санкциясы бойынша 19,6 млн теңгеге дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Алайда полицейлер нақты кімнің үстінен тергеу жүріп жатқанын ашып айтқан жоқ.

Қазір оқып жатыр

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады