USD
USD
USD

«Халықты адастыру»: депутат ІІМ-ді қатаң сынады

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Астанадағы Highvill тұрғын үй кешенінде шетелдіктерден қару табылды деген өзі таратқан ақпаратты полиция теріске шығарғаннан кейін, осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Қару
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Халық қалаулысының пайымынша, Ішкі істер министрлігінің ұстанымы қайта қаралуы тиіс. Ол Қазақстан заңнамасында «антикварлық қару» ұғымы мүлде қарастырылмағанын еске салды.

Сондай-ақ депутат уәкілетті органның оқиғаға берген бағасын орынсыз деп атады. Оның айтуынша, ведомство халықтың қырағылығын бағалаудың орнына, мәселені «антиквариат» деп жұмсартып көрсеткен. 

«Антикварлық қару дейді. Бізде кез келген қаруға рұқсат етілмейді. Бұл жерде ІІМ түсініксіз айтып отыр. Бұл «антикварлық, расталған жоқ» дейді. Онда халыққа ашық айтсын: «антикварлық, ескі мылтықты ұстай беріңдер» деп. Бірақ бізде бұған жол берілмейді. Заңда ондай норма жоқ», – деп ашынды депутат.

Мұрат Әбенов қару атаулының бәрі адам өлтіру үшін жасалғанын еске салып, оның айналымы қатаң қадағалауда болуы қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар ол аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізуді талап етіп, ресми сауал жолдағанын мәлімдеді.

Қаңтар оқиғасынан кейін қару айналымына қатысты мәселелер мемлекет назарында болуы тиіс екенін де атап өтті.

Еске салайық, Мұрат Әбеновтің жазбасынан кейін Астананың сол жағалауындағы Highvill тұрғын үй кешенінде екі шетелдік ұсталып, пәтерден мылтықтар мен тапаншалар табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тараған еді. Алайда кейін елордалық полиция департаменті бұл мәліметті растамады.

Құқық қорғау органының хабарлауынша, оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары пәтерді тексеру барысында күдік тудырған жәшіктен заманауи қару емес, тарихи-мәдени құндылығы бар антикварлық бұйымдарды тапқан. Сараптама қорытындысы аталған заттардың қазіргі қару санатына жатпайтынын және тұрғындарға еш қауіп төндірмейтінін көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

.

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

.

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді

Мұнай

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

Әнаур Мұсаев