Наурызда 9 күн демаламыз
Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар 9 күн демалады.
Алматы, NEGE. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесі жексенбіге түсетіндіктен, оның демалысы 9 наурызға көшіріледі. 21-23 күндері тойланатын Наурыз мейрамы да сенбі мен жексенбіге түсіп отыр, сондықтан дүйсенбі мен сейсенбі – 24 және 25 наурыз күндері де демалыс беріледі.