Наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады

Наурыз айында қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын атап өтеді.

gov.kz

Астана, NEGE. Осы мерекелерге орай биыл наурызда төрт күн қосымша демалыс беріледі.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан, демалыс дүйсенбі – 9 наурызға ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар бұл мерекеде 7, 8 және 9 наурыз күндері қатарынан демалады.

Ал Наурыз мейрамы елімізде 21-23 наурыз аралығында тойланады. Алайда бұл күндер демалысқа сәйкес келіп тұрғандықтан, сейсенбі, сәрсенбі күндері – 24,25 наурызда қосымша демалыс беріледі. Барлығын қоса есептегенде Ұлыстың ұлы күніне орай қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады.

Сондай-ақ 2026 жылғы діни күндер кестесі бекітілді. Биыл Рамазан айы 19 ақпан күні басталады, ал Қадір түні 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр