НАТО-ның Бас хатшысын Нобель сыйлығына ұсынды

Норвегиялық басылымның жазуынша, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергі Норвегияның Либералдық партиясы Нобель сыйлығына ұсынды.

ғаламтордан

Verdens Gang. басылымы норвег Либералдық партиясы төрағасының орынбасары Абид Раджаның пікірін жариялады.

– Еуропадағы және әлемдегі бейбітшілік пен демократия үшін өткен жылы Йенс Столтенбергтен артық ешкім жұмыс істеген жоқ. Сондықтан да Либералдық партияның оны әлемнің бейбітшілік сыйлығына ұсынуы заңды нәрсе, – депті А.Раджа.

Бұрын-соңды ешбір нрорвег Нобель сылығын алмаған екен. Егер Столтенберг алатын болса, ол Нобель сылығын алған алғашқы норвег болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты түрлі ұйымдар бірнеше рет Нобель сыйлығына ұсынған болатын. Алайда бұл сыйлық оған бұйырған жоқ.



Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін