3 июля 2025 г. 17:45
Наталья Богданова бокстан Әлем кубогының 1/4 финалына шықты
Астанада бокстан Әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан алғаш болып шаршы алаңға Наталья Богданова шықты.
Алматы, NEGE. 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Богданова Бразилия өкілі Барбара Мария Дос Сантоспен кездесті.
Богданова айқын басымдық танытып, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді және нәтижесінде жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.