Наталья Богданова бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында түркиялық Сема Чалышканмен өзара мықтыны анықтады.

Наталья Богданова алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Нәтижесінде еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Наталья Богданова (70 келіге дейін) өзіне кем дегенде әлем чемпионатының қола медалін қамтамасыз етті.

Қазір оқып жатыр

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Жанабыловтар прокурормен келісімге келуге өтініш білдірді

Қазақстандық компания Еуроодақ санкциясына ілікті

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды