Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бокстан Азия чемпионатының ширек финалында жеңілді

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта таиландтық Сомчай Вонгсуанға қарсы ширек финалда қолғап түйістірді. Нәтижесінде таиландтық спортшы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексен мен 54 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан жарысты аяқтаған еді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты